8 сағат бұрын
Рафаэль Уразбахтин мен оның бапкерлер штабы командамен қоштасты
Фото: «Қайрат» футбол клубы
Бүгінгі жаттығу алдында Рафаэль Уразбахтин мен оның көмекшілері Максим Зуев, Сергей Куцов, Артём Гавриленко футболшылармен кездесіп, командамен жеке қоштасты, деп хабарлайды Sport12.kz.
Ойыншыларға арнаған сөзінде Рафаэль Радикович соңғы жылдары барлығы бірігіп, ұмытылмас тарих жазғанын атап өтті. Ал сол тарихтың басты авторлары — футболшылардың өздері. Ол бірлескен жұмысы мен бірге бастан өткерген эмоциялар үшін командаға алғыс айтып, ойыншылар мен жаңа бапкерлер штабына сәттілік тіледі. Оның сөзін көмекшілері де жалғастырды.
Команда капитаны Александр Мартынович те жауап сөз сөйлеп, бапкерлерге бірге өткен жол, тарихи жеңістер мен жүлделер үшін рақмет айтты. Сондай-ақ ортақ күш-жігердің арқасында тамаша нәтижеге қол жеткізіп қана қоймай, бүкіл елдегі «Қайратқа» деген көзқарасты өзгертуге де мүмкіндік туғанын атап өтті.
Біздің серіктес: Sport12kz