8 сағат бұрын
Ресми: Фабио Челестини «Бернли» клубының бас бапкері атанды.
Фото: www.globallookpress.com
Швейцариялық 50 жастағы маман Фабио Челестини Англияның «Бернли» командасы бас бапкері атанды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Биыл Англия чемпионшипінде ойын көрсетіп жүрген клубта қазақстандық футболшы Дастан Сәтпаев ойын көрсетеді. Қазақстандық шабуылшы биыл Англияның «Челси» клубына ауысқан еді. Лондондық клуб оны «Бернлиге» жалға беруге шешім қабылдады.
Фабио Челестини 1975 жылы 31 қазанда Швейцарияның Лозанна қаласында итальян отбасында дүниеге келген. Футболшы ретінде тірек жартылай қорғаушы позициясында өнер көрсетті.
Клубтық мансабында «Лозанна», франциялық «Труа» және «Олимпик Марсель», испаниялық «Леванте» мен «Хетафе» клубтарында доп тепті. «Марсельмен» бірге 2004 жылы УЕФА Кубогының финалына дейін жетсе, «Хетафемен» екі мәрте Испания Кубогының финалисі атанды.
Швейцария ұлттық құрамасы сапында 35 матч өткізіп, ЕУРО-2004 турниріне қатысты.
Бапкерлік қызметінде 2015 жылы «Лозаннаны» Швейцария Суперлигасына алып шықты. 2018-2019 жылдары «Лугано», 2020-2021 жылдары «Люцерн» клубымен Швейцария Кубогын жеңіп алды. Бұл клуб тарихындағы 29 жылдағы алғашқы трофей болды.
2023-2025 жылдары «Базельдегі» жұмысы мансабындағы ең табысты кезең болды. Команданы дағдарыстан алып шығып, 2024/25 жылғы маусымда Швейцария чемпионы және Кубок иегері атанды. «Алтын дубль» үшін Швейцарияның үздік бапкері атанды.
2025 жылдың маусым айында Мәскеу ЦСКА командасының тізгінін ұстап, алғашқы ресми ойында Ресей Суперкубогын жеңіп алды. 2025/26 жылғы маусымында ЦСКА Премьер-лигада 4-орын алып, Ресей Кубогының жартылай финалына дейін жетті.
Біздің серіктес: Sport12kz