2 сағат бұрын
«Ливерпуль» пенальти сериясында «Челсиді» жеңді
Англия лигасы кубогының 1/8 финалында «Ливерпуль» өз алаңында «Челсиді» қабылдап, пенальти сериясында жеңіске жетті, деп хабарлайды Sport12.kz.
«Энфилд» стадионында өткен кездесудің негізгі уақыты 1:1 есебімен аяқталды. 40-минутта Морган Роджерс пенальтиден гол соғып, «Челсиді» алға шығарды. Араға үш минут салып, Коди Гакпо да пенальтиді сәтті орындап, есепті теңестірді.
Жеңімпаз пенальти сериясында анықталды. Онда «Ливерпуль» 6:5 есебімен басым түсті. Осылайша, мерсисайдтық клуб ширек финалға жолдама алса, «Челси» турнирмен қоштасты.
Енді «Челси» 31 қазанда Англия чемпионатында «Манчестер Юнайтедпен», ал «Ливерпуль» 1 қарашада «Арсеналмен» кездеседі.
Біздің серіктес: Sport12kz