6 сағат бұрын
Қазақстандық қорғаушы Түркия чемпионатына ауысуы мүмкін
Қазақстан құрамасы мен Санкт-Петербургтің «Зенит» клубының қорғаушысы Нұралы Әліп түркиялық «Галатасарай» командасының қызығушылығына ілікті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Түркиялық журналист Бурак Эреннің мәліметінше, 26 жастағы орталық қорғаушы «Галатасарай» басшылығына ұсынылған. Қазір түркиялық клуб футболшының ойынын бақылап отыр.
Әліптің Қазақстан азаматтығы Түркия чемпионатында жергілікті футболшы мәртебесінде өнер көрсетуіне мүмкіндік береді.
Осы маусымда қорғаушы Ресей Премьер-лигасында «Зенит» сапында 10 матч өткізіп, нәтижелі әрекетімен көзге түскен жоқ. Сонымен қатар Ресей кубогында екі кездесуге қатысып, алаңда 180 минут өткізді.
Ресей чемпионатының 12 турында «Зенит» 27 ұпаймен турнир кестесінде көш бастап тұр. Команда келесі матчын 30 қазанға қараған түні Ресей кубогы аясында «Балтикаға» қарсы өткізеді. Кездесу Астана уақытымен 23:45-те басталады.
Біздің серіктес: Sport12kz