2 сағат бұрын
«Аякс» пен «Бавария» Африкада жолдастық матч өткізеді
Мюнхендік «Бавария» мен амстердамдық «Аякс» 2027 жылғы 5 қаңтарда Кенияның жаңа ұлттық стадионының ашылуына орай жолдастық матч өткізеді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Кездесу Найробидегі Talanta Sports City спорт кешенінде орналасқан Раила Одинга атындағы халықаралық стадионда өтеді. 60 мың көрерменге арналған арена 2027 жылғы Африка ұлттары кубогының ойындарын қабылдайтын стадиондардың бірі болады.
Ұйымдастырушылар Еуропаның екі танымал клубы арасындағы матчты Кенияның құрлықтық біріншілікке дайындығындағы маңызды оқиға ретінде қарастырып отыр.
«Бавария» Чемпиондар лигасы мен Еуропа чемпиондары кубогын жалпы алты рет жеңіп алса, «Аякс» Еуропаның басты клубтық турнирінде төрт мәрте топ жарған. Матчқа билеттер сату 5 қарашада басталуы тиіс.
Еске салайық, 2027 жылғы Африка ұлттары кубогы 19 маусым мен 17 шілде аралығында Кения, Танзания және Угандада өтеді. Тарихта алғаш рет турнирді бірден үш мемлекет қабылдайды.
Біздің серіктес: Sport12kz