2 сағат бұрын
«Елімай» бас бапкерін ауыстырды
Семейдің «Елімай» клубы бас бапкер Андрей Карповичпен ынтымақтастықты тоқтатты. Тараптар келісімшартты өзара келісім бойынша бұзған, деп хабарлайды Sport12.kz.
Андрей Карпович команданы 2023 жылғы 7 қарашадан бастап жаттықтырды. Оның жетекшілігімен «Елімай» 2024 жылғы маусымда Қазақстан Премьер-лигасында орнын сақтап қалды. Ал 2025 жылғы чемпионатты төртінші орында аяқтап, УЕФА Конференция лигасына қатысу құқығына ие болды.
Бапкермен бірге клубтан Федор Симиниди де кетеді.
Маусымның соңғы матчында бас бапкер міндетін Серікбек Қаппаров атқарады. Ол — семейлік футболдың түлегі әрі клубтың жастар командасының жаттықтырушысы.
«Елімай» 31 қазанда Қазақстан Премьер-лигасының қорытынды турында Көкшетаудың «Оқжетпесін» қабылдайды.
Біздің серіктес: Sport12kz