6 сағат бұрын
Роналду мансабындағы 11-ші мінсіз хет-трикті тіркеді
Португалия құрамасы мен «Әл-Наср» шабуылшысы Криштиану Роналду Сауд Арабиясы чемпионатының 12-туры аясында «Әл-Холудқа» қарсы матчта мінсіз хет-трик жасады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Футболшы алғашқы голын сол аяғымен, екіншісін баспен, ал үшіншісін оң аяғымен соқты. Бір матчта осындай үш түрлі тәсілмен гол соғу «мінсіз хет-трик» деп аталады.
TM футбол аккаунтының X әлеуметтік желісіндегі мәліметінше, бұл Роналдудың мансабындағы 11-ші мінсіз хет-тригі. Ал Лионель Мессидің еншісінде мұндай хет-трик жоқ.
«Әл-Наср» кездесуде 5:3 есебімен жеңіске жетті. Айта кетейік, Роналдудың нәтижелі ойынына дейін оның екі голы офсайдқа байланысты есепке алынбаған.
Осы жеңістен кейін Роналду командасы 28 ұпаймен Сауд Арабиясы чемпионатында екінші орында тұр. «Әл-Наср» келесі матчын 2 қарашада сырт алаңда Өзбекстанның «Пахтакор» клубына қарсы өткізеді. Кездесу Астана уақытымен 18:45-те басталады.
Біздің серіктес: Sport12kz