5 сағат бұрын
ҚПЛ-2026: соңғы турдың толық матчтар кестесі
31 қазанда Қазақстан Премьер-лигасының 30-туры аясында сегіз матч өтеді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Қазақстан Премьер-лигасы. 30-тур
31 қазан
15:00 «Ұлытау» – «Атырау»
15:00 «Ертіс» – «Ордабасы»
15:00 «Елімай» – «Оқжетпес»
15:00 «Тобыл» – «Ақтөбе»
15:00 «Жеңіс» – «Қайсар» (SPORT+)
15:00 «Каспий» – «Қызылжар»
15:00 «Жетісу» – «Астана»
15:00 «Қайрат» – «Алтай»
Қазақстан чемпионы мерзімінен бұрын анықталды. Шымкенттің «Ордабасы» алтын медаль жеңіп алса, алматылық «Қайрат» күміс жүлдеге ие болды. Қазіргі таңда үздік үштікті «Астана» түйіндеп тұр.
Ал турнир кестесінің төменгі бөлігінде талдықорғандық «Жетісу» мен қызылордалық «Қайсар» орналасқан.
Біздің серіктес: Sport12kz