Жезқазғанда дзюдодан U23 Қазақстан чемпионаты өтеді
Фото: fdk.kz
3–4 қараша күндері Жезқазған қаласындағы «Жігер» спорт кешенінде дзюдодан 23 жасқа дейінгі жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді, леп хабарлайды Sport12.kz.
Ел біріншілігінде Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен еліміздің 17 облысынан 400-ден астам татами шебері бақ сынайды.
Жарыс бағдарламасы:
3 қараша
Ерлер: -60 кг, -66 кг, -73 кг.
Қыздар: -48 кг, -52 кг, -57 кг.
4 қараша
Ерлер: -81 кг, -90 кг, -100 кг, +100 кг.
Қыздар: -63 кг, -70 кг, -78 кг, +78 кг.
Чемпионат Қазақстан дзюдо федерациясының YouTube арнасында тікелей эфирде көрсетіледі.
Еске салсақ, БАӘ-нің Абу-Даби қаласында дзюдодан Жалғас Қайролла 5-орын алды.
Біздің серіктес: Sport12kz