Матч орталығы
Франция кубогы Футбол Францискан Францискан 4:0 Аяқталды Аиглон Ламен Аиглон Ламен Ченнаи женщины Теннис Мей Ямагучи Мей Ямагучи 15:10 Бүгін Жибек Куламбаева Жибек Куламбаева КХЛ Хоккей Трактор Трактор 16:00 Бүгін ЦСКА ЦСКА А сериясы Футбол Комо Комо 16:30 Бүгін Венеция Венеция Ла Лига Футбол Хетафе Хетафе 18:00 Бүгін Севилья Севилья А сериясы Футбол Лацио Лацио 19:00 Бүгін Кальяри Кальяри А сериясы Футбол Фрозиноне Фрозиноне 19:00 Бүгін Торино Торино Лига 1 Футбол Страсбур Страсбур 19:00 Бүгін Осер Осер Бундеслига Футбол Унион Унион 19:30 Бүгін Кельн Кельн Ла Лига Футбол Расинг Расинг 20:15 Бүгін Реал Мадрид Реал Мадрид Суперлига Футбол Касымпаша Касымпаша 21:00 Бүгін Бешикташ Бешикташ Лига 1 Футбол Париж Париж 21:15 Бүгін Монако Монако Лига 1 Футбол Лион Лион 21:15 Бүгін Анже Анже Премьер-лига Футбол Ливерпуль Ливерпуль 21:30 Бүгін Арсенал Арсенал Бундеслига Футбол Айнтрахт Айнтрахт 21:30 Бүгін Гамбург Гамбург Премьер-лига Футбол Локомотив Локомотив 21:45 Бүгін Спартак Спартак А сериясы Футбол Лечче Лечче 22:00 Бүгін Дженоа Дженоа Ла Лига Футбол Эльче Эльче 22:30 Бүгін Валенсия Валенсия Примейра-лига Футбол Академику де Визеу Академику де Визеу 23:00 Бүгін Риу Аве Риу Аве Лига 1 Футбол Марсель Марсель 00:45 Ертең Тулуза Тулуза

5 сағат бұрын

Қазақстан U-15 құрамасы Әзербайжанда турнирдегі жолын аяқтады

Қазақстан U-15 құрамасы Әзербайжанда турнирдегі жолын аяқтады

Фото: ҚФФ

Әзербайжанның астанасы Бакуде FIFA U-15 World Cup & Festival 2026 халықаралық турнирі аяқталды. Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 85-орынға ие болды, деп хабарлайды Sport12.kz.

ФИФА ұйымдастырған турнир әлемнің түкпір-түкпірінен келген жасөспірімдер құрамаларының басын қосты. Жарыс 8-ге 8 форматында өтіп, топтық кезеңнен және нәтижеге байланысты командалар алты деңгейге (Tier A-F) бөлінген плей-офф кезеңінен тұрды.

Топтық кезеңде Есімбек Нұрахметов бастаған Қазақстан U-15 құрамасы Багам аралдары, Гуам, Мьянма, Өзбекстан және Гана командаларымен бірге W тобында өнер көрсетті.

Қазақстандық футболшылар екі рет жеңіске жетіп, бір рет тең түсті және екі кездесуде жеңіліс тапты. Жеті ұпай жинаған құрама топта үшінші орын алып, жарысты Tier C деңгейіндегі плей-оффта жалғастырды.

Плей-офф аясында Қазақстан құрамасы тағы бес кездесу өткізді. Панамадан ұтылғаннан кейін құрамамыз Молдованы 4:2 есебімен жеңді, содан кейін тартысты матчта Венгрияға есе жіберді (4:5).

Келесі кездесуде қазақстандық футболшылар Үндістанмен тең түсіп (5:5), пенальти сериясында 5:4 есебімен жеңісті жұлып алды.

Турнирдің қорытынды матчында Қазақстан құрамасы 85-орын үшін таласта Мозамбикпен кездесті. Біздің футболшылар 4:1 есебімен сенімді жеңіске жетіп, жарысты сәтті аяқтады.

Қазақстан құрамасы FIFA U-15 World Cup & Festival 2026 турнирінде барлығы он матч өткізіп, бес рет негізгі уақытта жеңіске жетті, бір рет пенальти сериясында басым түсіп, қарсыластар қақпасына 32 гол соқты.

Қазақстан U-15 құрамасының матчтардағы нәтижелері:

Топтық кезең:

Багам аралдары – Қазақстан 1:6

Қазақстан – Гуам 5:1

Өзбекстан – Қазақстан 2:0

Қазақстан – Мьянма 1:1

Гана – Қазақстан 2:1

Tier C плей-офф кезеңі:

Панама – Қазақстан 7:0

Молдова – Қазақстан 2:4

Қазақстан – Венгрия 4:5

Қазақстан – Үндістан 5:5 (пенальти бойынша 5:4)

Қазақстан – Мозамбик 4:1

FIFA U-15 World Cup & Festival турниріне қатысу отандық жас футболшылар үшін үлкен халықаралық тәжірибе болды. Жарыс барысында команда әртүрлі футбол мектептерінің өкілдерімен кездесіп, халықаралық деңгейде шеберліктерін сынап, кәсіби тұрғыда шыңдалуға қажетті ойын практикасын жинақтады.



Біздің серіктес: Sport12kz