4 сағат бұрын
Ролан Гусев «Ахматтың» жаңа бас бапкері болады
Фото: championat.com
Ресейлік маман Ролан Гусев грозныйлық «Ахматтың» жаңа бас бапкері болады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Гусев воронеждік «Факел» тізгінін ұстау нұсқасынан бас тартып, бапкерлік мансабын Грозныйда жалғастыратын болды.
Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдары Станислав Черчесовтың «Ахматтан» кететінін хабарлаған болатын. Ақпарат грозныйлық клубтың Ресей Премьер-Лигасының 13-турында мәскеулік «Динамодан» 0:2 есебімен сырт алаңда жеңілгеннен кейін пайда болды.
«Ахмат» сапында Қазақстан құрамасының шабуылшылары Максим Самородов пен Ғалымжан Кенжебек өнер көрсетеді.
Самородов «Динамоға» қарсы кездесуді негізгі құрамда бастап, 76-минутта алмастырылды. Ал Кенжебек өтінімге енбеді.
Ресей чемпионатындағы 13 матчтан кейін грозныйлық клубтың еншісінде 11 ұпай бар және ол төменгі лигаға түсу аймағында тұр. «Ахмат» келесі кездесуін 7 қарашада «Родинаға» қарсы өткізеді. Басталуы - Қазақстан уақытымен 18:30-да.
Біздің серіктес: Sport12kz