42 минут бұрын
2026 жылғы ҚПЛ маусымында қай клуб ең көп жанкүйер жинады
Фото: Kffleague.kz
Шымкенттік «Ордабасының» Қазақстан Премьер-Лигасының 2026 жылғы маусымындағы матчтарына барлығы 350 922 көрермен келді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Жаңа чемпионның бір ойынына орта есеппен 11 697 адам келген. Екінші орында алматылық «Қайратта» - 335 650 (орта есеппен - 11 188) адам, одан кейін «Астанада» - 264 117 (8804), «Ақтөбеде» - 262 739 (8758) және қызылордалық «Қайсарда» - 212 456 (7082) адам стадионда қолдау білдірді.
Ең аз жанкүйер жинаған ақтаулық «Каспий» - 87 171 (2906). Бұл ретте сырт алаңдағы матчтарға келу жағынан «Ордабасы» «Қайрат» пен «Ақтөбеден» қалып қойды.
2026 жылғы маусымда «Ордабасы» Қазақстан чемпионы атанды, «күміс» «Қайратқа» бұйырды, «қола» «Астанада».
Біздің серіктес: Sport12kz