9 сағат бұрын
Қазақстандық төрешілер UEFA Жастар лигасының матчтарына тағайындалды
Қазақстандық төрешілер 2026/27 жылғы UEFA Жастар лигасының бірнеше кездесуінде қызмет атқарады. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) хабарлады.
Венгрияның Дьёр қаласында өтетін «Маккаби» (Тель-Авив) пен «Цюрих» арасындағы кездесуді Болат Сәриев басқарады. Оның көмекшілері Юрий Тихонюк пен Дмитрий Белоградов болады. Ал төртінші төреші қызметін венгриялық Бенце Ханьец атқарады. Матч 3 қарашаға жоспарланған.
Сондай-ақ 4 қарашада Алматыда өтетін «Қайрат» пен МТК (Будапешт) арасындағы ойында Кирилл Ткачёв төртінші төреші болып тағайындалды. Бұл кездесудің төрешілер бригадасы Әзербайжан өкілдерінен жасақталған. Бас төреші – Турал Курбанов, көмекшілері – Джамиль Гулиев пен Муслум Алиев.
Бұдан бөлек, ҚФФ Төрешілік департаментінің директоры Нуну Каштру Чехияның Градец-Кралове қаласында өтетін «Градец-Кралове» мен Албанияның «Партизани» клубтары арасындағы матчқа UEFA төрешілер инспекторы ретінде тағайындалды. Бұл кездесу де 4 қарашада өтеді.
Аталған матчта төрешілер бригадасы Мальта мен Чехия өкілдерінен құралады. Бас төреші – Алекс Джонсон, оның көмекшілері – Курт-Оуэн Салиба мен Марк Чантар. Төртінші төреші міндетін Ян Бенеш атқарады.
Біздің серіктес: Sport12kz