1 сағат бұрын
Ұлттар лигасы: Қазақстан - Словакия кездесуінде билет бағасы қанша болады?
Фото: ҚФФ
16 қараша күні сағат 20:00-де «Астана Аренада» Ұлттар лигасы аясында Қазақстан құрамасы Словакиямен кездеседі, деп хабарлайды Sport12.kz.
Билеттерді «Яндекс Афиша» платформасынан және Jankuier қосымшасынан сатып алуға болады. Билет бағасы 1000 теңгеден басталады.
Бас бапкер Джон ван ’т Шкип қараша айында өтетін Молдова және Словакияға қарсы матчтарға кеңейтілген тізімге 38 футболшыны енгізді.
Отандастарымыз 13 қарашада сырт алаңда Молдова құрамасына қарсы ойнаса, 16 қарашада Астанада Словакияны қабылдайды.
Қақпашылар: Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Александр Заруцкий («Ақтөбе»), Стас Покатилов («Сабах», Әзербайжан);
Қорғаушылар: Әлібек Қасым, Ян Вороговский (екеуі де – «Астана»), Арсен Әшірбек, Әділбек Жұмаханов (екеуі де – «Елімай»), Сергей Малый («Ордабасы»), Владислав Васильев («Оқжетпес»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Александр Мрынский («Қайрат»), Наурызбек Жагоров («Тобыл»), Темірлан Ерланов («Ақтөбе»),
Жартылай қорғаушылар: Рамазан Оразов, Алмас Төлібай (екеуі де – «Елімай»), Айбол Әбікен («Қызылжар»), Исламбек Қуат («Жеңіс»), Еркін Тапалов («Қайрат»), Бауыржан Исламхан, Дінмұхамед Қараман (екеуі де – «Астана»), Жасұлан Әмір («Ордабасы»),
Шабуылшылар: Ислам Чесноков («Крылья Советов», Ресей), Исмаил Бекболат, Азамат Тұяқбаев (екеуі де – «Қайрат»), Рамазан Кәрімов («Астана»), Ғалымжан Кенжебек, Максим Самородов («Ахмат», Ресей).
Айта кетсек, қазірге дейін ел құрамасы төрт ойын өткізіп үлгерді. Отандастарымыз Фарер аралдарымен (1:1, 2:2) екі мәрте тең түссе, одан кейін Словакия (1:2) мен Молдова (1:2) құрамасына есе жіберді.
Біздің серіктес: Sport12kz