8 сағат бұрын
«Тенерифе» шабуылшысы матч кезінде алған жарақатынан көз жұмды
Испаниялық «Тенерифе» футбол клубының шабуылшысы Хесус де Мигель 30 жасында қайтыс болды. Футболшы «Андорраға» қарсы матч кезінде ауыр жарақат алып, ауруханада көз жұмды.
Хесус де Мигель 2 қарашада Испанияның екінші дивизионы аясында өткен «Тенерифе» мен «Андорра» арасындағы кездесудің соңғы минуттарында қақпашы Хесус Овоноумен соқтығысып қалды. Қарсылас команданың қақпашысы допты қайтару кезінде шабуылшының кеуде тұсына тізесімен соққы жасаған.
Оқиғадан кейін футболшы есінен танып, медициналық көмекке жүгінді. Дәрігерлер алаңда алғашқы көмек көрсетіп, оны жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізді. Жолда тыныс тоқтап, медицина қызметкерлері жүрек қағысые қайта қалпына келтіруге тырысқан.
Клубтың мәліметінше, футболшының жағдайы бастапқыда ауыр болғанымен, тұрақты деп бағаланған. Алайда кейін оның неврологиялық жағдайы нашарлап, 3 қараша күні таңертең қайтыс болғаны анықталды.
«Тенерифе» клубы футболшының отбасына, жақындарына және жанкүйерлеріне көңіл айтты.
Хесус де Мигельдің қазасы испан футболы үшін орны толмас қайғы болды.
Біздің серіктес: Sport12kz