Матч орталығы
Ченнаи женщины Теннис Мей Ямагучи Мей Ямагучи 0:0 1-сет Жибек Куламбаева Жибек Куламбаева Чемпиондар лигасы Футбол Шахтер Шахтер 22:45 Бүгін Спортинг Спортинг Чемпиондар лигасы Футбол Галатасарай Галатасарай 22:45 Бүгін Штутгарт Штутгарт Париж мужчины Теннис Бен Шелтон Бен Шелтон 23:00 Бүгін Кэмерон Норри Кэмерон Норри Испания кубогы Футбол Памплона Памплона 23:00 Бүгін Эйбар Эйбар Испания кубогы Футбол Анайтасуна Анайтасуна 23:00 Бүгін Алавес Алавес АФК Чемпиондар лигасы Футбол Аль Хиляль Аль Хиляль 23:15 Бүгін Шабаб Аль Ахли Шабаб Аль Ахли Чемпионшип Футбол Престон Престон 00:45 Ертең Шеффилд Шеффилд Чемпионшип Футбол Уотфорд Уотфорд 00:45 Ертең Линкольн Линкольн Чемпионшип Футбол Дерби Дерби 00:45 Ертең Норвич Норвич Чемпионшип Футбол КПР КПР 00:45 Ертең Бернли Бернли Чемпионшип Футбол Чарльтон Чарльтон 00:45 Ертең Болтон Болтон Чемпиондар лигасы Футбол Фейеноорд Фейеноорд 01:00 Ертең Интер Интер Чемпионшип Футбол Вест Бромвич Вест Бромвич 01:00 Ертең Саутгемптон Саутгемптон Чемпиондар лигасы Футбол Буде Глимт Буде Глимт 01:00 Ертең Лилль Лилль Чемпионшип Футбол Бирмингем Бирмингем 01:00 Ертең Миллуолл Миллуолл Чемпиондар лигасы Футбол Вильярреал Вильярреал 01:00 Ертең ПСЖ ПСЖ Чемпиондар лигасы Футбол Атлетико Атлетико 01:00 Ертең Бавария Бавария Чемпиондар лигасы Футбол ЛАСК ЛАСК 01:00 Ертең Слован Слован Чемпиондар лигасы Футбол Манчестер Юнайтед Манчестер Юнайтед 01:00 Ертең Рома Рома

7 сағат бұрын

ҚПЛ клубтарына бюджеттен 31,2 млрд теңге бөлінді: көш басында «ордабасы»

ҚПЛ клубтарына бюджеттен 31,2 млрд теңге бөлінді: көш басында «ордабасы»

2026 жылы Қазақстан Премьер-лигасында өнер көрсететін футбол клубтарын жергілікті бюджеттен қаржыландыруға 31 млрд 236 млн теңге бөлінген. Қаражат көлемі бойынша «Ордабасы», «Елімай» және «Тобыл» алдыңғы қатарға шықты.

«Дядя Ваня» Telegram-арнасының мәліметінше, облыстық және қалалық әкімдіктердің мемлекеттік сатып алу порталдарында жарияланған деректерді саралау нәтижесінде осындай көрсеткіш анықталған. Бөлінген қаражат негізгі құрамдармен қатар балалар-жасөспірімдер академиялары мен әйелдер командаларының шығындарын да қамтиды.

Ең көп қаржы Шымкенттің «Ордабасы» клубына қарастырылған – 2 млрд 811 млн теңге. Семейдің «Елімайы» 2 млрд 808 млн теңгемен екінші орында тұр. Екі клубтың қаржыландыру көлеміндегі айырмашылық небәрі 3 млн теңгені құрайды. Үшінші сатыға 2 млрд 693 млн теңге алған «Тобыл» жайғасқан.

Қалған клубтарға бөлінген қаражат көлемі:

  • «Жетісу» – 2 млрд 613 млн теңге;
  • «Ақтөбе» – 2 млрд 477 млн теңге;
  • «Алтай» – 2 млрд 446 млн теңге;
  • «Атырау» – 2 млрд 400 млн теңге;
  • «Қызылжар» – 2 млрд 126 млн теңге;
  • «Оқжетпес» – 2 млрд 100 млн теңге;
  • «Ұлытау» – 1 млрд 987 млн теңге;
  • «Қайсар» – 1 млрд 871 млн теңге;
  • «Ертіс» – 1 млрд 655 млн теңге;
  • «Каспий» – 1 млрд 500 млн теңге;
  • «Жеңіс» – 999 млн теңге;
  • «Қайрат» – 750 млн теңге.

Ал «Астана» клубының жергілікті бюджеттен алатын қаржысы көрсетілмеген. Дереккөздің хабарлауынша, елордалық команда Sport Qory қоры арқылы қаржыландырылады. Қордың 2026 жылғы шығындары келесі жылы жарияланбақ. Сондықтан берілген көрсеткіштер клубтардың барлық қаржы көзін қамтымайды.

Бөлінген қаражат көлемі командалардың чемпионаттағы нәтижесіне тікелей әсер етпегенін де байқауға болады. Мәселен, қаржыландыру бойынша төртінші орында тұрған «Жетісу» маусым қорытындысында Премьер-лигадан шығып қалды. «Қайсар» да жоғары дивизиондағы орнын сақтай алмады.

Ал чемпиондық атақты «Ордабасы» иеленсе, «Қайрат» күміс, «Астана» қола медаль жеңіп алды.



Біздің серіктес: Sport12kz