5 сағат бұрын
Криштиану Роналдудың ұлы Португалия U17 құрамасына шақырту алды
Португалия U17 құрамасының бас бапкері Филипе Рамуш 2027 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіне қатысатын 23 футболшының тізімін жариялады. Олардың қатарында әйгілі футболшының ұлы да бар.
Қазіргі уақытта Сауд Арабиясының «Аль-Наср» клубының жасөспірімдер командасында ойнайтын 16 жастағы шабуылшы бұған дейін Португалияның U15 және U16 құрамаларында өнер көрсеткен. Ол U15 сапында төрт матчта екі гол соқса, U16 құрамасында тоғыз кездесуде үш рет мергендік танытқан.
Португалия жасөспірімдері іріктеу кезеңінде Андоррамен (11 қараша), Болгариямен (14 қараша) және Сербиямен (17 қараша) кездеседі.
Біздің серіктес: Sport12kz