1 күн бұрын
Футболдан Молдова құрамасы Ұлттар лигасындағы ойындарға құрамын жариялады
Фото: ҚФФ
Футболдан Молдова құрамасы УЕФА Ұлттар лигасындағы Қазақстан және Фарер аралдарына қарсы матчтарға 26 ойыншыдан тұратын құрамын жариялады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Құрамға Қазақстан чемпионатында өнер көрсететін петропавлдық «Қызылжар» қақпашысы Дмитрий Челядник енді.
Қақпашылар: Дмитрий Челядник («Қызылжар», Қазақстан), Андрей Кожухарь («Азия Талас», Қырғызстан), Эмиль Тымбур («Шериф», Молдова).
Қорғаушылар: Олег Рябчук («Андерлехт», Бельгия), Владислав Бабогло («Карпаты», Украина), Иоан-Кэлин Ревенко («Петрокуб», Молдова), Даниэль Думбравану («Волунтари», Румыния), Денис Марандич («Туран Товуз», Әзірбайжан), Михаил Герасименков («Ванкувер Уайткэпс», Канада), Михаил Штефан («Динамо Самарқанд», Өзбекстан), Юрие Иову («Данди Юнайтед», Шотландия), Кэтэлин Кукош («Петрокуб», Молдова), Штефан Негру («Суиндон Таун», Англия).
Жартылай қорғаушылар: Вадим Рацэ («Арджеш Питешть», Румыния), Никита Моцпан (СКА-Хабаровск, Ресей), Виктор Стынэ («Кяпаз», Әзірбайжан), Виктор Богачук («Петрокуб», Молдова), Штефан Бодиштяну («Ботошань», Румыния), Серджиу Перчун («Асколи», Италия), Серафим Кожокарь («Петрокуб», Молдова), Данила Форов («Шериф», Молдова), Владимир Фратя («Шериф», Молдова), Овидиу Давид («Петрокуб», Молдова).
Молдова – Қазақстан матчы 13 қарашада Молдова астанасы Кишиневтегі «Зимбру» стадионында өтеді. Одан кейін 16 қарашада Молдова сырт алаңда Торсхавн қаласында Фарер аралдарымен кездеседі.
Біздің серіктес: Sport12kz