2 сағат бұрын
Матеус Куньяның дублі «Манчестер Юнайтедке» жеңіс әкелді
Англиялық «Манчестер Юнайтед» Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі төртінші турда өз алаңында италиялық «Романы» жеңді, деп хабарлайды Sport12.kz.
«Олд Траффорд» стадионында өткен кездесу алаң иелерінің 3:2 есебімен жеңісімен аяқталды. Матч барысында «МЮ» екі гол айырмасымен жеңіліп жатқан еді.
Алдымен Маттиас Суле 11-минутта есеп ашса, Дониэлл Мален 17-минутта пенальтиден гол соқты. Екінші таймда Бруну Фернандеш 58-минутта пенальтиді сәтті орындап, есеп айырмасын қысқартты. Ал Матеус Кунья 83 және 86-минуттарда екі гол соғып, командасына жеңіс сыйлады.
Осылайша, төрт турдан кейін «Манчестер Юнайтедтің» еншісінде алты ұпай болса, «Рома» төрт ұпаймен қалды. Келесі турда ағылшындық клуб португалиялық «Спортингпен», ал «Рома» франциялық «ПСЖ»-мен кездеседі.
Біздің серіктес: Sport12kz