2 сағат бұрын
«Барселона» төртінші турда «Астон Вилладан» басым түсті
Испаниялық «Барселона» Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі төртінші турда өз алаңында ағылшындық «Астон Вилланы» жеңді, деп хабарлайды Sport12.kz.
«Камп Ноу» стадионында өткен кездесу алаң иелерінің 3:0 есебімен жеңісімен аяқталды. 7-минутта Ламин Ямаль есеп ашты. Ал 52-минутта Рафинья мергендігімен көзге түссе, 64-минутта дубль авторы атанды.
Осы жеңістен кейін «Барселонаның» еншісінде төрт турдан соң тоғыз ұпай бар. «Астон Вилла» да осынша ұпай жинаған.
Келесі турда «Барселона» сырт алаңда әзербайжандық «Сабахпен», ал «Астон Вилла» түркиялық «Галатасараймен» кездеседі.
Біздің серіктес: Sport12kz