2 сағат бұрын
«Атлетико» өз алаңында «Баварияға» есе жіберді
Мадридтегі «Метрополитано» стадионында Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі төртінші тур аясында «Атлетико» мен «Бавария» кездесті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Кездесу қонақтардың 2:0 есебімен жеңісімен аяқталды. 54-минутта Леннарт Карль есеп ашса, 74-минутта Конрад Лаймер «Баварияның» басымдығын еселей түсті.
Осы жеңістен кейін «Баварияның» еншісінде сегіз ұпай бар. Ал «Атлетико» төрт ұпаймен қалды.
Келесі турда «Бавария» сырт алаңда франциялық «Лилльмен», ал «Атлетико» өз алаңында норвегиялық «Викингпен» кездеседі.
Біздің серіктес: Sport12kz