3 сағат бұрын
Ресейге қатысты футболдағы жағдай өзгеруі мүмкін бе?
Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) президенті Джанни Инфантино мен Еуропа футбол қауымдастықтары одағының (УЕФА) басшысы Александер Чеферин Ресейге баруға дайын екенін білдірген. Бұл туралы Ресей футбол одағының бас хатшысы Максим Митрофанов мәлімдеді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Оның айтуынша, тараптар бұл мәселені талқылаған. Алайда Митрофанов екі басшының Ресейге арнайы сапар жасауы үшін нақты себеп болуы керегін атап өтті.
«Біз бұл мәселені талқыладық. Бірақ жай ғана сапар жасау аса маңызды емес. Ресейде қызықты футбол шарасы өтетін болса немесе ресми жарыстарға қатысуға қатысты шешім жақындаса, мұндай сапардың мәні болар еді. Қалай болғанда да, екеуі де Ресейге келуге дайын екенін білдірді», – деді Митрофанов.
Еске салайық, 2022 жылғы ақпанда ФИФА мен УЕФА Ресей құрамалары мен клубтарын өздерінің қамқорлығымен өтетін халықаралық жарыстардан белгісіз мерзімге шеттеткен болатын.
Біздің серіктес: Sport12kz