2 сағат бұрын
Арсен Әшірбекке Премьер-лиганың екі клубы таласуда
Қазақстан құрамасы мен семейлік «Елімайдың» қорғаушысы Арсен Әшірбекке Премьер-лиганың бірнеше клубы қызығушылық танытып отыр. Олардың қатарында «Ақтөбе» мен «Ордабасы» бар, деп хабарлайды Sport12.kz.
Қолда бар мәліметке сәйкес, 23 жастағы футболшыны қатарға қосуға «Ақтөбе» көбірек мүдделі. Ақтөбелік клуб қорғаушыға айына 10 миллион теңгеге дейін жалақы ұсынуға дайын.
Әшірбектің «Елімаймен» келісімшарты биылғы жылдың соңына дейін жарамды. Өткен маусымда ол семейлік клуб сапында барлық турнирде 30 матч өткізіп, үш гол соғып, төрт нәтижелі пас берген.
Қорғаушы – «Тараз» клубының түлегі. Ол 2026 жылдың басында Көкшетаудың «Оқжетпесінен» «Елімайға» ауысқан. Қазақстан құрамасы сапында алты матчқа қатысқан.
Біздің серіктес: Sport12kz