4 сағат бұрын
«Тобыл» көшбасшы футболшысымен қоштасуы мүмкін
Қостанайдың «Тобыл» клубы келесі маусымға арналған құрамын жасақтауға кірісті. Қазір команда басшылығы шетелдік футболшылармен келіссөз жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Sport12.kz AmanVIBE-ке сілтеме жасап.
Қолда бар ақпаратқа сәйкес, келесі маусымға клубпен келісімшарты бар үш легионер анықталған. Олар – қорғаушылар Антонио Боршич пен Райан Сенхаджи, сондай-ақ сербиялық шабуылшы Урош Милованович.
Алайда Миловановичтің командадан кетуі мүмкін. Шабуылшыға Еуропаның бірнеше клубы қызығушылық танытып отыр. Осылайша, «Тобыл» футболшыны сатудан пайда табуы ықтимал.
Қостанайлық клуб қалған легионерлермен келіссөзді жалғастырып жатыр.
Айта кетейік, Мирослав Ромашенко жаттықтыратын «Тобыл» өткен маусымда Қазақстан Премьер-лигасында 41 ұпай жинап, турнир кестесінде жетінші орын алды.
Біздің серіктес: Sport12kz