3 сағат бұрын
Харри Кейн «Бавариямен» келісімшартын 2029 жылға дейін ұзартты
Мюнхендік «Бавария» шабуылшысы Харри Кейнмен келісімшартты 2029 жылғы 30 маусымға дейін ұзартты.
33 жастағы англиялық футболшы биыл алғаш рет мансабында «Алтын доп» жүлдесін иеленген еді.
Кейн жаңа келісімге қол қойғаннан кейін Мюнхенде өзін үйіндегідей сезінетінін, отбасының да осында бақытты екенін айтты. Сондай-ақ Венсан Компани жаттықтыратын командамен әлі талай жүлде жеңіп алғысы келетінін жеткізді.
Англиялық шабуылшы «Бавария» сапында 2023 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Осы уақыт ішінде ол 161 матчта 156 гол соғып, 41 нәтижелі пас берген.
Кейн мюнхендік клубпен бірге екі рет Германия чемпионы атанып, Германия кубогы мен екі Суперкубогын жеңіп алды.
Біздің серіктес: Sport12kz