Матч орталығы
КХЛ Хоккей Амур Амур 2:3 Аяқталды СКА СКА КХЛ Хоккей Адмирал Адмирал 5:4 Аяқталды Барыс Барыс Гонконг женщины Теннис Антония Рузич Антония Рузич 0:2 Аяқталды Александра Эала Александра Эала КХЛ Хоккей Трактор Трактор 2:3 19:58 Ак Барс Ак Барс КХЛ Хоккей Лада Лада 0:0 Үзіліс Локомотив Локомотив ВХЛ Хоккей Буран Буран 21:00 Бүгін Молот Молот КХЛ Хоккей Спартак Спартак 21:30 Бүгін Динамо Минск Динамо Минск Еуролига Баскетбол Бешикташ Бешикташ 22:00 Бүгін Жальгирис Жальгирис Париж мужчины Теннис Тейлор Фриц Тейлор Фриц 23:00 Бүгін Карлос Алькарас Карлос Алькарас Бундеслига Футбол Гамбург Гамбург 00:30 Ертең Боруссия Боруссия А сериясы Футбол Венеция Венеция 00:45 Ертең Удинезе Удинезе Лига 1 Футбол Тулуза Тулуза 00:45 Ертең Страсбур Страсбур Ла Лига Футбол Севилья Севилья 01:00 Ертең Алавес Алавес Премьер-лига Футбол Эвертон Эвертон 01:00 Ертең Ковентри Ковентри Чемпионшип Футбол Дерби Дерби 01:00 Ертең Болтон Болтон Франция кубогы Футбол ЦСК Кэйенне ЦСК Кэйенне 04:00 Ертең Матури Матури Қазақстан кубогы Футбол Ордабасы Ордабасы 16:00 Ертең Қайсар Қайсар Чемпионшип Футбол Рексхэм Рексхэм 17:30 Ертең Вулверхэмптон Вулверхэмптон Премьер-лига Футбол Лидс Лидс 17:30 Ертең Тоттенхэм Тоттенхэм Ла Лига Футбол Малага Малага 18:00 Ертең Расинг Расинг

13 минут бұрын

Ауыр атлет Артем Антропов әлем чемпионатында үздік ондыққа кірді

Ауыр атлет Артем Антропов әлем чемпионатында үздік ондыққа кірді

Фото: olympic.kz

Нинбода (Қытай) өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында ерлер арасында 110 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жүлделер сарапқа салынды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бұл сында Қазақстан намысын Артем Антропов қорғады.

Отандасымыз қоссайыстың қорытындысы бойынша 393 келіні көтерді.

Жұлқа көтеруде Артем 167 келіні бағындырса, серпе көтерудегі үздік нәтижесі 226 келі болды. Осылайша, қазақстандық зілтемірші жалпы есепте сегізінші орынға тұрақтады.

Өзбекстан өкілі Акбар Джураев алтын медаль жеңіп алды. Ол қоссайыстың қорытындысы бойынша 432 (198+234) келіні көтерді. Күміс жүлде 418 (185+233) келі көтерген ирандық Алиреза Насириге бұйырды. Ал Түрікменстан спортшысы Шахзадбек Матякубов 417 (187+230) келі көрсеткішімен үздік үштікті түйіндеді.

Айта кетейік, бұған дейін Нинбодағы әлем чемпионатында Нұрғиса Әділетұлы 95 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күміс жүлдеге ие болған еді.

Еске салсақ, ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Аянат Жұмағали жүлдесіз қалды.


Біздің серіктес: Sport12kz