8 сағат бұрын
«Ордабасының» жаңа спорттық директоры тағайындалуы мүмкін
Фото: KazFootball.kz:
Қазақстан құрамасының бұрынғы капитаны және «Оңтүстік Академия» командасының бас бапкері Азат Нұрғалиев шымкенттік «Ордабасының» спорттық директоры қызметіне тағайындалуы мүмкі, деп хабарлайды Sport12.kz.
Қазірге дейін шымкенттік клуб сапында бұл қызметті атқарған Қайрат Әшірбеков басқа қызметке ауысады немесе мүлде клубтан кетеді деп күтілуде.
Өткен маусымда Азат Нұрғалиевтің жетекшілігімен «Оңтүстік Академия» сапалы ойын көрсетіп, Бірінші лиганың көшбасшыларына лайықты қарсылық көрсетті.
Еске сала кетейік, футболшы ретінде Азат Нұрғалиев туған клубы «Ордабасы», «Тобыл», «Жетісу», «Сұңқар» және «Астана» сапында ойнаған. Ұлттық құрама жейдесінде 44 матч үш гол соғып, екі нәтижелі пас берген.
«Ордабасы» командасы Қазақстан Премьер-лигасында чемпион атанып, Қазақстан кубогының иегері атанды.
Еске салсақ, Андрей Демченко «Жеңістің» алдында қандай міндет тұрғанын айтты.
Біздің серіктес: Sport12kz