5 сағат бұрын
Қазақстандық клубтар Нұралы Жақсылыққа қызығушылық білдірді
Фото: «Қайсар» футбол клубы
Қазақстандық 22 жастағы жартылай қорғаушы Нұралы Жақсылыққа еліміздің бірнеше командасынан ұсыныс түскені белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Олардың қатарында «Ақтөбе» мен «Жеңіс» командалары бар. Ойыншының құқығы «Астанаға» тиесілі, ал 2026 жылғы маусымда ол жалға алу құқығымен «Қайсар» сапында өнер көрсетті, онда 16 матчта 3 гол соғып, 1 ассист берді.
«Ақтөбе» мен «Жеңістен» бөлек, футболшыға ҚПЛ-дың басқа командалары да қызығушылық танытып отыр.
Биыл қызылордалық «Қайсар» сапында ойнаған жартылай қорғаушы Нұралы Жақсылық командадан кететін жариялады, деп хабарлайды Sport12.kz .
Бұл жөнінде футболшы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Футболшы шілде айынан бастап «Қайсар» сапында жалға алу негізінде өнер көрсетіп келеді. Қазірге дейін тоғыз матчта үш гол соқты. Ойыншының нарықтық құны - 200 мың еуро.
Айта кетсек, бұдан бұрын 21 жастағы қазақстандық футболшыға Түркияның екінші дивизионындағы «Кайсериспор» клубы қызығушылық танытып отырғаны белгілі болды.
Біздің серіктес: Sport12kz