5 сағат бұрын
Джон ван ’т Шкип: «Екі құрамаға да жеңіс керек»
Фото: kff.kz
Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Джон ван ’т Шкип УЕФА Ұлттар лигасы аясында Молдовамен өтетін маңызды матчқа дайындық барысы, ойыншылардың командаға қосылуы және Түркістандағы жаттығу жиыны туралы айтып берді, деп хабарлайды Sport12.kz.
«Дайындыққа бірнеше күн бөлдік. Негізі, 5 қарашадан бастап Қазақстан чемпионатындағы ойындарын аяқтаған футболшылармен жұмыс істей бастадық. Олар алдымен бірнеше күн демалды, содан кейін жаттығуға қосылды.
Кейін «Ордабасы» мен «Қайрат» ойыншылары келді. Ал соңында шетелде ойнайтын футболшылар қосылды. Яғни, командаға ойыншылар кезең-кезеңімен жиналып, маңызды матчқа дайындықты бірге жалғастырдық.
Астанадан Түркістанға ауысқанымыз да жақсы болды деп ойлаймын. Мұндағы жағдай басқа, әрі біз табиғи алаңда жаттықтық. Өйткені алдағы ойынды да табиғи алаңда өткіземіз.
Бұл матчтың өте маңызды әрі қиын болатынын түсінеміз. Себебі екі командаға да жеңіс керек», - деді Джон ван ’т Шкип.
Еске салсақ, футболдан Қазақстан мен Молдова құрамалары арасындағы UEFA Ұлттар лигасының бесінші тур ойынын италиялық төрешілер бригадасы басқарады.
Біздің серіктес: Sport12kz