9 сағат бұрын
Украиналық қорғаушы «Ақтөбедегі» мансабын жалғастырады
Фото: «Ақтөбе» футбол клубы
«Ақтөбе» футбол клубы украиналық қорғаушы Иван Ордецпен келісімшарт мерзімін ұзартты, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.
Тәжірибелі футболшы ақ-қызылдар сапындағы мансабын жалғастырып, алдағы маусымда да команда намысын қорғайды.
Ваня биылғы маусымда барлық турнирлерде 27 ойында алаңға шығып, 5 гол соқты және 1 нәтижелі пас берді.
Иван Ордец – Еуропаның ірі чемпионаттарында, атап айтқанда Германия Бундеслигасында («Бохум») және Украинаның «Шахтер» (Донецк) клубында ойнап, үлкен мектептен өткен футболшы.
Еске салсақ, қазақстандық 22 жастағы жартылай қорғаушы Нұралы Жақсылыққа еліміздің бірнеше командасынан ұсыныс түскені белгілі болды.
Біздің серіктес: Sport12kz