8 сағат бұрын
Қазақстан құрамасы Молдовамен кездесуге қандай жейдемен шығады?
Фото: ҚФФ
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы UEFA Ұлттар лигасы бесінші турындағы Молдовамен кездесуге көк жейдемен шығатын болды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде Қазақстан футбол федерациясы мәлім етті.
Бұл кездесу 13 қарашада Қазақстан уақытымен 22:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Ойын барысында италиялық Андреа Коломбо бас төреші болса, оған отандастары Даниеле Биндони мен Джованни Баччини көмектеседі. Бас төрешінің бейнеқайталау төрешісі Алеандро ди Паоло болса, оның көмекшісі міндеті Федерико ла Пеннаға жүктелген. Төртінші төреші де сол елдің өкілі - Кевин Боначина.
Айта кетсек, қазірге дейін ел құрамасы төрт ойын өткізіп үлгерді. Отандастарымыз Фарер аралдарымен (1:1, 2:2) екі мәрте тең түссе, одан кейін Словакия (1:2) мен Молдова (1:2) құрамасына есе жіберді.
Ал Молдова құрамасы Словакиядан екі мәрте (0:2, 0:4) жеңілсе, Фарер аралдарымен (1:1) тең түсіп, Қазақстанды (2:0) жеңді.
Біздің серіктес: Sport12kz