7 сағат бұрын
Бүгін Ұлттар лигасының екінші ойын күні өтеді
Фото: uefa.com
Бүгін UEFA Ұлттар лигасының бесінші тур ойындары аясында екінші ойын күні жалғасады, деп хабарлайды Sport12.kz
А, В, С, D топтарында 8 кездесу белгіленген.
А лигасы. Екінші топ
00.45. Нидерланд - Грекия
00:45. Сербия - Германия
Бұл топта төрт турдан кейін Нидерланд пен Грекия 8 ұпаймен көш бастап тұрса, одан кейінгі орындағы Германияның 7 ұпайы бар. Ал, әзірге Сербияның ұпайы қоржыны бос.
В лигасы. Бірінші топ
00:45. Шотландия - Солтүстік Македония
00:45. Словения - Швейцария
Төрт турдан кейін Швейцария 12 ұпаймен бірінші орында тұрса, Словенияның 7, Шотландияның 4 ұпайы бар. Әзірге Солтүстік Македония бірде-бір ұпайға қол жеткізе алмай отыр.
С лигасы. Үшінші топ
00:45. Словакия - Фарер аралдары
00:45. Молдова - Қазақстан
Алғашқы төрт турда 10 ұпай еншілеген Словакия бірінші орынға жайғасса, Молдова мен Фарер аралдары 4, Қазақстан 2 ұпай алды.
С лигасы. Төртінші топ
00:45. Люксембург - Эстония
00:45. Болгария - Исландия
Бұл топта Исландияның 8, Эстонияның 6, Болгарияның 4, Люксембургтің 3 ұпайы бар.
Біздің серіктес: Sport12kz