10 сағат бұрын
Эсмигуль Куюлова Загреб Гран-приінде қолаға таласады
Фото: Қазақстан дзюдо федерациясы
Қазақстандық дзюдошы Эсмигуль Куюлова Загреб Гран-приінің қола жүлдесін сарапқа салады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Іріктеу кезеңінде АҚШ, Польша өкілдерінен басым түсті. Ал жартылай финалдық кездесуде Токио-2020 Олимпидасының қола жүлдегері Джессика Климкейтке жол берді. Дегенмен Эсмигуль жұбаныш белдесуінде Венгрия спортшысы Бригитта Варгадан басым түсіп, турнирдің қола жүлдесі үшін күресуге мүмкіндік алды.
Финалдық белдесулер Астана уақытымен сағат 21:00-де басталады деп жоспарланған.
Еске салсақ, Қазақстан дзюдошысы Нұрқанат Серікбаев Хорватияның Загреб қаласында өтіп жатқан әлемдік Гран-при турнирінде топ жарды.
Біздің серіктес: Sport12kz