6 сағат бұрын
Қазақстан U-19 құрамасы Бельгияға есе жіберді
Фото: ҚФФ
Қазақстан U-19 құрамасы 2027 жылғы жасөспірімдер арасындағы Еуропа чемпионаты іріктеуінің екінші кезеңіндегі екінші кездесуінде жеңілістің ащы дәмін татты, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жолы отандастарымыз Бельгия құрамасына 0:2 есебімен есе жіберді.
Отандастарымыз А лигасының 2 тобында сынға түсіп жатыр.
Алғашқы кездесуде Тимур Қасымов шәкірттері Шотландия құрамасына 1:3 есебімен жол берді.
Енді отандастарымыз 17 қарашада Косово құрамасымен матч өткізіп, турнирдегі өнерін аяқтайды.
Қазақстан U-19 құрамасы
Қақпашылар: Бақтияр Алдашев («Қайрат»), Никита Килджиев («Шахтер»), Мадияр Төлеубек («Батыр»).
Қорғаушылар: Нұралы Азатқазы («Шахтер»), Санат Нұрболат, Райымбек Кеңесбеков, Әкежан Қалиқұлов, Абдулазиз Мамедов (барлығы – «Қайрат»), Данил Соболев, Әділет Сансызбай (екеуі де – «Тұран»), Әлихан Жексенбек («Астана»), Шыңғыс Қалиев («Кастельон», Испания), Хасен Артурұлы («Ақтөбе»).
Жартылай қорғаушылар: Нұрхан Қағазбаев («Шахтер»), Евгений Петрик, Төре Исмағұлов, Қайсар Малаев, Әлиден Мұсайыпов (барлығы – «Қайрат»), Аламгир Смақов («Бешикташ», Түркия), Дінмұхамед Махмудов («Оңтүстік»), Арафат Молдағалиев, Рамзес Рашидов (екеуі де – «Тұран»).
Шабуылшылар: Абылай Төлеухан, Дәулет Орынбасар, Ермұхамед Керімхан, Абылай Жылқайдар (барлығы – «Қайрат»), Алдияр Нұрғали («Леванте», Испания), Шахмурат Дәулетов («Генк», Бельгия).
Жарыс ережесіне сәйкес, А лигасының әр тобында үздік үштікке енген командалар жоғары дивизиондағы орнын сақтап, 2027 жылдың көктемінде өтетін іріктеудің үшінші раундында Еуропа чемпионатының жолдамасы үшін күресті жалғастырады.
Егер бос орын пайда болса, оның ішінде турнир қожайыны Чехия іріктеуден өткен командалардың қатарында болған жағдайда, үшінші раундқа жолдама төртінші орын алған құрамалардың арасындағы үздік командаға беріледі.
Еске салсақ, футболдан Қазақстан U17 құрамасы 2027 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу кезеңінде Аустрияны ірі есеппен жеңді.
Біздің серіктес: Sport12kz