9 сағат бұрын
Футболдан Англия құрамасы өз тарихында болмаған рекордты орнатты
Фото: Англия футбол федерациясы
Футболдан Англия құрамасы сырт алаңда қатарынан он мәрте жеңіске жетіп, өз тарихында алғаш рет рекордтық көрсеткішке қол жеткізді, деп хабаралйды Sport12.kz.
Бұл тарихи жағдай 2026/2027 жылғы маусымындағы UEFA Ұлттар лигасының алтыншы турындағы Испания – Англия кездесуінде тіркелді. Мадрид қаласындағы «Рияд Эйр Метрополитано» стадионында өткен матчта англиялық футболшылар 3:2 есебімен басым түсті.
Opta Sport статистикалық порталының хабарлауынша, Англия тарихында алғаш рет барлық турнир бойынша сырт алаңдағы он кездесуде жеңіске жетті.
Англиялық футболшылар Ұлттар лигасында Чехияны (2:0, 3:0), Хорватияны (7:0, 2:1) есебімен жеңді. Олар өз алаңында Испанияға 2:3 есебімен есе жіберсе, дәл сондай есеппен сырт алаңда тізе бүктірді.
Ал Испания өзге ойындарда Хорватияны (4:1, 2:1), Чехияны (3:1, 2:0) есебімен қапы қалдырды.
А лиганының үшінші тобында 15 ұпай жинаған үздік доп айырмашылығымен Англия құрамасы бірінші орын алды. Дәл осындай ұпай жинаған Испания екінші орынға тұрақтады. Екі құрама да Ұлттар лигасының 1/4 финалына жолдама алды.
Айта кетсек, 2026 жылғы әлем чемпионатында Испания бас бәйгеге қол жеткізсе, Англия қола жүлдегер болды.
Еске салсақ, Ромелу Лукаку 16 жылдан кейін Бельгия құрамасындағы мансабын аяқтады.
Біздің серіктес: Sport12kz