8 сағат бұрын
Ислам Чесноков Ұлттар лигасында қатарынан екі ойында гол соқты
Футболдан UEFA Ұлттар лигасының алтыншы турында Қазақстан құрамасы өз алаңында өтіп жатқан Словакиямен кездесуде есеп ашты, деп хабарлайды Sport12.kz.
Кездесу барысында 30-минутта әріптесі Ғалымжан Кенжебектің берген пасынәріптесі Ислам Чесноков голға айналдырды. Осылайша отандастарымыз 1:0 есебімен алға шықты.
Ислам Чесноков өткен турдағы Молдовамен ойында қанжығасын майлаған еді.
Кездесу барысында бас төреші міндетін әзербайжандық Алияр Агаев атқарады. Оған отандастары Зейнал Зейналов пен Акиф Амирали көмектеседі. Қосалқы төреші де сол елдің өкілі – Ингилаб Мамедов. Ал VAR жүйесіне аустриялық Алан Кияс жауап берсе, оған көмекші ретінде әзербайжандық Ниджат Исмаилли бекітілген.
Бес турдан кейін С лигасының үшінші тобында Словакия 11 ұпаймен бірінші орында тұрса, одан кейінгі орындардағы Молдованың 7, Фарер аралдарының 5, Қазақстанның 2 ұпайы бар.
Біздің серіктес: Sport12kz