7 сағат бұрын
Бүгін Ұлттар лигасы алтыншы турындағы ойындар жалғасады
Фото: kff.kz
Бүгін футболдан UEFA Ұлттар лигасының алтыншы турының екінші ойын күніндегі матчтар өтеді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Дәл қазір С лигасыныдағы Қазақстан - Словакия, Фарер аралдары - Молдова құрамалары кездесіп жатыр. Одан кейін өзге топтарда ойындар жалғасады.
16 қарашадағы ойын кестесі
А лигасы. Екінші топ
00:45. Германия - Нидерланд, 00:45. Грекия - Сербия.
Бұл топта бес турдан кейін Нидерланд 11 ұпаймен көш бастап тұрса, одан кейінгі орындағы Германия мен Грекияның 8 ұпайы бар. Ал Түркияның ұпайы қоржыны бос.
В лигасы. Бірінші топ
00:45. Швейцария - Шотландия, Солтүстік Македония - Словения.
Бес турдан кейін Швейцария 13 ұпаймен бірінші орынға шықса, Словенияның 8, Шотландияның 7 ұпайы бар. Бұл топта Солтүстік Македония бірде-бір ұпайға қол жеткізе алған жоқ.
С лигасы. Төртінші топ
22:00. Исландия - Люксембург, 22:00. Эстония - Болгария
Бұл топта Исландия 11, Эстония 9. Болгария 4 ұпай жинап, алғашқы үш орынды өзара бөлісті. Төртінші орындағы Люксембургтің 3 ұпайы бар.
Біздің серіктес: Sport12kz