3 сағат бұрын
«Ақтөбе» капитаны команда құрамынан кетті
Фото: «Ақтөбе» хоккей клубы
«Ақтөбе» футбол командасының капитаны Бағдат Қайыровпен келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты клубтан кетті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бағдат жергілікті футбол мектебінен түлеп ұшып, кәсіби мансабын бірінші лигада өнер көрсететін «Каспий» футбол клубы құрамында жалғастырды. 2015-2016 жылдары «Ақтөбе» клубына сапына қосылып, команданың негізгі ойыншыларының біріне айналды. Кейін клуб ауыстырып, «Қайсар», «Ордабасы», «Тобыл» командаларының сапында доп тепті. Араға біраз уақыт салып, 2024 жылы туған командасына қайта оралды. Капитан биылғы маусымда 8 матчқа қатысты.
Біздің серіктес: Sport12kz