2 сағат бұрын

«Манчестер Юнайтед» Маурисио Почеттиноның бапкерлер штабына кімдер кіргенін мәлімдеді

«Манчестер Юнайтед» Маурисио Почеттиноның бапкерлер штабына кімдер кіргенін мәлімдеді

Фото: «Манчестер Юнайтед» футбол клубы

«Манчестер Юнайтедтің» жаңа бас бапкері Маурисио Почеттиноның штабына Хесус Перес, Мигель Д’Агостино, Тони Хименес, Алекс Скотт және Себастьяно Почеттино мамандары кірді,деп хабарлайды Sport12.kz.

Бұл туралы манчестерлік клубтың баспасөз қызметі ресми түрде хабарлады. Олардың барлығы аргентиналық маманмен бірге «Эспаньол», «Саутгемптон», «Тоттенхэм», ПСЖ және «Челсиде» жұмыс істеген.

«Клуб Трэвис Биннион, Джонни Эванс, Стив Холланд, Крейг Моусон және Джонатан Вудгейт, сондай-ақ Майкл Кэрриктің кеткенін растай алады. Біз командаға толық берілгендігі, іске адалдығы және кәсібилігі үшін алғыс айтып, болашақта сәттілік тілейміз», - делінген «Манчестер Юнайтедтің» ресми сайтында.

Еске салсақ, «Манчестер Ситидің» бұрынғы бас бапкері Пеп Гвардиоланың агенті Жозеп Мария Орович испан маманы Сауд Арабиясынан бірнеше ұсыныс алғанын, алайда оларды қарастырудан бас тартқанын мәлім етті.




Біздің серіктес: Sport12kz