2 сағат бұрын
Әлемде 2026 жылдың үздік ойыншысы кім болады?
фото: nytimes.com
Globe Soccer Award сыйлығының баспасөз қызметі 2026 жылдың қорытындысы бойынша үздік қорғаушы жүлдесіне үміткерлердің ресми тізімін жариялады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Жүлдеге бүкіл әлем клубтары мен құрамаларын ұсынатын 10 футболшы үміткер болып отыр. Бір қызығы, тізімде бірден франциялық «Пари Сен-Жерменнің» төрт өкілі бар.
Globe Soccer Awards нұсқасы бойынша 2026 жылдың үздік қорғаушысы жүлдесіне үміткерлер:
Пау Кубарси («Барселона»);
Марк Кукурелья («Реал» Мадрид);
Федерико Димарко («Интер»);
Ашраф Хакими («Пари Сен-Жермен»);
Габриэл Магальяйнс («Арсенал»);
Маркиньос («Пари Сен-Жермен»);
Нуну Мендеш («Пари Сен-Жермен»);
Вильям Пачо («Пари Сен-Жермен»);
Уильям Салиба («Арсенал»);
Дайо Упамекано («Бавария»).
Еске салсақ, «Манчестер Юнайтедтің» жаңа бас бапкері Маурисио Почеттиноның штабына Хесус Перес, Мигель Д’Агостино, Тони Хименес, Алекс Скотт және Себастьяно Почеттино мамандары кірді.
Біздің серіктес: Sport12kz