4 сағат бұрын
Беллингем «Реалдың» қазан айындағы үздік ойыншысы атанды
Фото: Championat.com
Жартылай қорғаушы Джуд Беллингем мадридтік «Реалдың» қазан айындағы үздік ойыншысы деп танылды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл туралы «корольдік клубтың» баспасөз қызметі Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлайды.
Өткен айда 23 жастағы хавбек барлық турнирде бес матчқа қатысып, бір нәтижелі пас берді.
Ағылшындық футболшы «Реалда» 2023 жылдың жазынан бері ойнайды. Осы кезеңде ол барлық турнирде 156 матч өткізіп, 51 гол соғып, 37 ассист жасады.
Ойыншының клубпен қолданыстағы еңбек келісімі 2029 жылдың жазына дейін есептелген. Transfermarkt порталында ұсынылған ақпаратқа сәйкес, футболшының нарықтық құны 160 млн еуроны құрайды.
Біздің серіктес: Sport12kz