4 сағат бұрын
FIFA президенті лауазымына үш үміткер ұсынылды
Фото: www.dreamstime.com
Халықаралық футбол федерациясы (FIFA) 2027 жылы өтетін алдағы сайлауда ұйым президенті лауазымына үш үміткердің есімін ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Sport12.kz.
FIFA-ның ресми сайтында өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін ұйымға ұлттық футбол қауымдастықтары ұсынған үш кандидатура келіп түскені көрсетілген. Олар FIFA -ның қазіргі президенті Джанни Инфантино, Франция футбол федерациясының басшысы Филипп Диалло және Жапония футбол қауымдастығының құрметті президенті Кодзо Тасима.
Диалло UEFA атқару комитеті мен FIFA кеңесінде ұсынылған еуропалық футбол қауымдастықтарының қолдауына ие болды. Шешім 16 қарашада UEFA басшысы Александер Чефериннің төрағалығымен өткен отырыста бірауыздан қабылданды. Жапон футбол қауымдастығы өз кезегінде Тасиманың кандидатурасын 17 қарашада ресми түрде ұсынды.
FIFA регламентіне сәйкес, үш өтінім де тексеру жүргізіп, кандидаттарды жіберу туралы шешім қабылдайтын сайлау комиссиясына беріледі. Сайлауға қатысушылардың түпкілікті тізімі ұлттық қауымдастықтарға 2027 жылғы 18 ақпаннан кешіктірілмей жеткізілуі тиіс.
FIFA-ның жаңа президентін сайлау 2027 жылғы 18 наурызда Рабатта (Марокко) өтетін ұйымның 77-ші Конгресі аясында өтеді.
Джанни Инфантино әлемдік футболды 2016 жылғы ақпаннан бері басқарып келеді. 2023 жылы ол кезекті мерзімге қарсылассыз қайта сайланған еді. Енді оған басқа үміткерлермен сайлауға қатысуға тура келді.
Еске салсақ, ФИФА ұлттық құрамалар рейтингінің алғашқы ондығында өзгерістер тіркелді.
Біздің серіктес: Sport12kz