4 сағат бұрын
Ауыр атлетикадан ел чемпионатының кезекті күнінде фавориттер жеңіске жетті
Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Ел чемпионатының төртінші жарыс күнінде ерлер арасында 70 пен 75 келіде жүлде сарапқа салынды, деп хабаралйды Sport12.kz
Күндізгі бағдарламада жасөспірімдер арасында әлем чемпионы, Азия чемпионатының күміс жүлдегері Ақмолда Сайрамкез (Жетісу обл) екінші орындағы қарсыласынан 16 келіге жоғары көтерді.
Ал кешкі сессияда да Азия чемпионатының жүлдегері саналатын, жақында ғана әлем чемпионатына қатысқан Петр Хребтов жұлқа көтерудегі басымдықтың арқасында қоссайыс сайысында алтын жүлдені еншіледі.
«Барлығы мен жоспарлағандай болды. Тек серпе көтеру жаттығуында 184 келіні бағындырар сәтте асығыстық танытып кеттім. Жұлқа көтеру мен серпе көтеруде де қарсыластарым соңына дейін таласты. Лайықты бәсекелестік танытқаны үшін оларға алғысымды білдіремін. Бүгінгі жеңісіме қуаныштымын», - деді Петр Хребтов.
70 келі. Қоссайыс қорытындысы
1.Ақмолда Сайрамкез (Жетісу обл) - 302 келі (132+170)
2.Дәулет Алпысбай (Түркістан обл) - 286 келі (130+156)
3.Сергей Чуев (Жетісу обл) - 276 келі (126+150)
75 келі. Қоссайыс қорытындысы
1.Петр Хребтов (Алматы қ) - 323 келі (143+180)
2.Бексұлтан Айтбай (Қызылорда обл) - 318 келі (135+183)
3.Ерсұлтан Тұрсынбеков (ШҚО) - 299 келі (141+158)
Ертең ерлер арасында бәсекелестігі ең жоғары саналатын 85 келі мен әйелдер арасында 86, +86 келіде зілтеміршілер өнерін көрсетеді.
Еске салсақ, Алматыда 23 қараша мен 3 желтоқсан аралығында әйелдер құрамалары арасында гандболдан Азия чемпионаты өтеді.
Біздің серіктес: Sport12kz