5 сағат бұрын
Алматыда гандболдан әйелдер арасында Азия чемпионаты өтеді
Фото: olympic.kz
Алматыда 23 қараша мен 3 желтоқсан аралығында әйелдер құрамалары арасында гандболдан Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды
Құрлық біріншілігі 2027 жылғы әлем чемпионатына іріктеу болмақ. Турнир қорытындысы бойынша үздік төрт команда Венгрияда өтетін әлем чемпионатына жолдама алады.
Жарысқа он ұлттық құрама қатысады.
Жеребе қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы В тобына түсті. Бұл топта Оңтүстік Корея, Үндістан, Аустралия және Өзбекстан құрамалары бар. Ал Жапония, Иран, Қытай, Гонконг және Таиланд А тобында өнер көрсетеді.
Қазақстандық гандболшылар турнирдегі алғашқы ойынын 23 қарашада Аустралия құрамасына қарсы өткізеді.
Еске салсақ, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы қысқа бағдарламада үздік ондыққа іліге алмады.
Біздің серіктес: Sport12kz