3 сағат бұрын
«Манчестер Сити» Энцо Марескаға қатысты қандай шешім қабылдағаны белгілі болды
Фото. Championat.com
«Манчестер Сити» басшылығы бас бапкер Энцо Маресканы 2026/27 маусымының соңына дейін қызметінде қалдыруды көздеп отыр, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде The Touchline жазды. Онда команданың нәтижесіне қарамастан бас бапкердің қызметінен кетпейтіні жазылған.
Мұндай шешім қазіргі маусым басталғанға дейін қабылданған.
«Қалалықтар» бапкерлерді жиі ауыстырудан аулақ болғысы келеді және қиын кезеңде Микель Артетаға сенім артқан «Арсеналдың» үлгісіне сүйеніп отыр.
«Манчестер Сити» 11 турдан кейін 22 ұпаймен АПЛ-де үшінші орында келеді. Қатарынан үш жеңілістен кейін олар «Фулхэммен» (1:1) тең ойнап, чемпионаттағы жеңіссіз сериясын төрт матчқа жеткізді.
Айта кетсек, CAS Африка ұлттар кубогының жеңімпазын сейсенбі, 24 қарашада жариялайды.
Біздің серіктес: Sport12kz