47 минут бұрын
Еуропалық командалар «Аль-Наср» ойыншысына қызығушылық білдірді
«Ливерпуль» мен «Манчестер Юнайтед» «Аль-Насрдың» орталық қорғаушысы Мохамед Симаканға көз тігіп отыр, деп хабарлайды Sport12.kz.
Caught Offside басылымының хабарлауынша, ағылшын клубтары орталық қорғаныста да, оң қапталда да ойнай алатын 26 жастағы французға қызығушылық танытуда.
Дереккөздің мәліметінше, әзірге ресми ұсыныстар немесе алдын ала келіссөздер болған жоқ, ал «Аль-Наср» ойыншымен қоштасқысы келмейді. Сауд клубының ойыншымен ұзақ мерзімді келісімшартына байланысты келіссөздерде мықты позицияда болатыны хабарланады.
Симакан былтыр жазда германиялық «РБ Лейпцигтен» «Аль-Насрға» ауысқан болатын. Басылымның мәліметінше, французды «Арсенал», «Тоттенхэм» және «Ньюкасл» да бақылауды жалғастыруда.
Еске салсақ, «Манчестер Сити» Энцо Марескаға қатысты қандай шешім қабылдағаны белгілі болды.
Біздің серіктес: Sport12kz