Матч орталығы
КХЛ Хоккей СКА СКА 4:7 Аяқталды Барыс Барыс Франция кубогы Футбол Канн Канн 1:1 Пенальтиден соң Ле Пюи Ле Пюи НХЛ Хоккей Бостон Бостон 1:3 Аяқталды Торонто Торонто Ұлттық лига Хоккей Лозанна Лозанна 4:2 Аяқталды Берн Берн Ұлттық лига Хоккей Лангнау Лангнау 3:1 Аяқталды Серветт Серветт Ұлттық лига Хоккей Рапперсвиль Рапперсвиль 4:5 Пенальтиден соң Цюрих Цюрих Ұлттық лига Хоккей Лугано Лугано 4:3 Аяқталды Фрибург Фрибург Франция кубогы Футбол Валуа Валуа 1:2 Аяқталды Валансьен Валансьен Бундеслига Футбол Вердер Вердер 3:3 Аяқталды Боруссия Боруссия Лига 1 Футбол Брест Брест 1:0 Аяқталды Париж Париж А сериясы Футбол Венеция Венеция 0:0 Аяқталды Болонья Болонья Премьер-лига Футбол Ноттингем Форест Ноттингем Форест 3:2 Аяқталды Челси Челси Чемпионшип Футбол Саутгемптон Саутгемптон 2:0 Аяқталды Мидлсбро Мидлсбро Ла Лига Футбол Леванте Леванте 1:3 Аяқталды Расинг Расинг Франция кубогы Футбол 2 Ривес 82 2 Ривес 82 17:30 Бүгін Версаль Версаль Чемпионшип Футбол Блэкберн Блэкберн 17:30 Бүгін Чарльтон Чарльтон Чемпионшип Футбол Линкольн Линкольн 17:30 Бүгін Вулверхэмптон Вулверхэмптон Франция кубогы Футбол Charleville Charleville 17:30 Бүгін Реймс Реймс Франция кубогы Футбол Tremblay FC Tremblay FC 18:00 Бүгін Ред Стар Ред Стар Ла Лига Футбол Бетис Бетис 18:00 Бүгін Райо Вальекано Райо Вальекано

10 сағат бұрын

ҚФФ балалар футболы жайында семинар өткізді

ҚФФ балалар футболы жайында семинар өткізді

Фото: ҚФФ

2026 жылғы 25-26 қарашада Қазақстан футбол федерациясы футболдағы қауіпсіз ортаны қамтамасыз ету және балаларды қорғау (Safeguarding & Child Protection) мәселелеріне арналған семинар өткізді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Мұндай форматтағы және ауқымдағы іс-шара Қазақстан футболы тарихында алғаш рет ұйымдастырылды.

Семинарды ҚФФ Бас хатшысы Скотт Манн ашып, футбол үдерісіне қатысушылардың барлығы, әсіресе балалар мен жасөспірімдер үшін қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.

Іс-шараға Қазақстан Премьер-лигасы клубтарының, әйелдер футбол командалары мен балалар-жасөспірімдер академияларының қауіпсіздік мәселелеріне жауапты мамандары (Safeguarding офицерлері), сондай-ақ ҚФФ-ның әйелдер футболы, балалар-жасөспірімдер футболы, төрешілік, заң және HR департаменттерінің өкілдері қатысты.

Семинар бағдарламасы қауіпсіз ортаны қамтамасыз ету және балаларды қорғаудың негізгі қағидаттарын, зорлық-зомбылықтың түрлі формаларының алдын алу, ықтимал қауіп-қатерлерді анықтау және оқыс оқиғаларға әрекет ету тетіктерін қамтыды. Әр баланың құқығы, қадір-қасиеті мен амандығы қорғалатын қауіпсіз футбол ортасын қалыптастыруға ерекше назар аударылды.

Оқыту бағдарламасы теориялық және практикалық сабақтарды, топтық талқылаулар мен нақты жағдайларды талдауды қамтыды. Қатысушылар футбол ұйымдарының мамандары күнделікті жұмыс барысында кездесуі мүмкін түрлі жағдайларды қарастырып, осындай кезде атқарылуы тиіс іс-әрекеттер алгоритмін талқылады.

Семинар аясында барлық қауіпсіздік мәселелеріне жауапты мамандар KFF Safeguarding жаңа онлайн білім беру платформасында да оқудан өтті. Платформа футбол жүйесіндегі мамандардың қауіпсіз ортаны қамтамасыз ету және балаларды қорғау бағытындағы біліктілігін арттыру мақсатында әзірленген.

Семинардың өткізілуі халықаралық стандарттарға сәйкес Safeguarding қағидаттарын Қазақстан футболына жүйелі түрде енгізу жолындағы маңызды кезең болды.

Қазақстан футбол федерациясы әр баланың футболмен қауіпсіз әрі қолайлы ортада айналысуына мүмкіндік жасау үшін қауіпсіздік, өзара құрмет және жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру бағытындағы жұмысын жалғастырады.

Еске салсақ, Алдағы маусымға дайындық аясында «Елімай» футбол клубының негізгі командасы үш оқу-жаттығу жиынын өткізеді.


Біздің серіктес: Sport12kz