11 сағат бұрын
Браим Диастың «Реал Мадридте» қашанға дейін ойнайтыны белгілі болды
Фото: «Реал Мадрид» футбол клубы
Испаниялық «Реал Мадрид» ресми сайтында Марокко құрамасының жартылай қорғаушысы Браим Диаспен келісімшартты ұзартқанын жариялады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Футболшының корольдік клубпен жаңа келісімінің мерзімі 2031 жылдың жазына дейін есептелген.
Биылғы клубтық маусымда Диас «Реал» сапында барлық турнирлерде 10 матчқа қатысып, төрт нәтижелі пас берді. Transfermarkt порталында ұсынылған ақпаратқа сәйкес, футболшының нарықтық құны 35 млн еуроны құрайды.
Хавбек «Малаганың» түлегі. «Реалға» ауысқанға дейін ол «Манчестер Ситиде» өнер көрсетті: Ал «Корольдік клубқа» ауысқаннан кейін жалға алу аясында «Милан» намысын қорғады.
Еске салсақ, «Елімай» 2027 жылғы маусымға дайындық жоспарын анықтады.
Біздің серіктес: Sport12kz