05.03.2025
Чемпиондар лигасы: «Пахтакор» сенсациялық жеңіске жетті
Өзбекстанның «Пахтакор» мен Сауд Арабиясының «Аль-Хиляль» арасындағы Азияның Чемпиондар лигасы 1/8 финалының алғашқы матчы күтпеген нәтижемен аяқталды. Ташкентте өткен ойында алаң иелері 1:0 есебімен атақты қарсыластарынан басым түсті.
Бразилиялық шабуылшы Фламарион 29-минутта жеңіс голын соқты.
Айта кетейік, жауапты матч 12 наурызда өтеді.
Еске сала кетейік, «Аль-Хиляль» – Азия Чемпиондар лигасының ең көп титулға ие клубы және осы турнирді төрт рет жеңіп алған. Ал «Пахтакор» 2003 және 2004 жылдары Чемпиондар лигасының жартылай финалына дейін жеткен.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов