05.03.2025
«Реал Мадрид» тарихи рекорд орнатты
Фото: «Реал Мадрид» ФК
«Реал Мадрид» Чемпиондар лигасында 500 матч өткізген тарихтағы алғашқы клуб атанды.
Кешегі «Атлетико Мадридке» (2:1) қарсы ойын команда үшін қарт құрлықтың басты клубтық додасындағы 500-ші матч ретінде тіркелді.
Осы аралықта «Бланкос» 302 рет жеңіске жетіп, 85 мәрте тең ойнаса, 113 матчта қарсыласына есе жіберген.
Айта кетейік, «Корольдік клуб» Чемпиондар лигасының ең титулды командасы ретінде саналады. Мадридтік ұжым аталған турнирдің трофейін 15 мәрте жеңіп алған.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Азамат Бақи